Құсбегілік өнері

Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады.

28 Kasım 2021 15:52

Құсбегілік - бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнердің бір тармағы. Құсбегілік жаһанда кеңінен тараған, оның ішінде бүркітшілік қазақ, қырғыз халықтарының дәстүрлі ежелден келе жатқан үлкен төл өнері ретінде саналады.

Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет - ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөздер бар.

Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.

Айта келе жатсақ, Қазақстанда жыл сайын Күнтуған Тоқтыбайұлының құрметіне құсбегілер турнирі ұйымдастырылады. 

Жаңалықтар