29 Haziran 2022 22:22
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) - 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
2001 жылы Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым ретінде құрылды.
Ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды ұстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды.
Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б. қамтиды.
Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады.