Шығыс Қара теңіздегі Санта тарихи қирандылары

Шығыс Қара теңіз аймағының мәдени мұрасының маңызды нысандарының бірі Санта қирандылары ежелгі тарихымен танымал.

23 Temmuz 2022 00:14

Қирандылар Күмісхана ауданы Думанлы ауылында орналасқан.

Қаланы гректер 17. ғасырда құрған.

Санта қирандыларының өзіндік ежелгі тарихы және әдемі табиғаты бар.

7 ауданнан тұратын Санта қаласы 3 бөлек баурайға салынған.

Әр ауданда бір қабатты және екі қабатты тас ғимараттар, көптеген субұрқақтар мен шіркеулер бар, олар сол кездегі ерекшеліктерді көрсетеді.

1923 жылға қарай аймақта шамамен 5 мың тұрғын болды.

Қазіргі уақытта 1123 ауланың тек 157-сі ғана сақталған.

Көптеген шіркеулердің, мектептер мен субұрқақтардың аз ғана бөлігі бүгінгі күнге дейін сақталған.

Санта қаласының қирандыларын "аспанға жақын құпия қала" деп те атайды.

Жаңалықтар

TRT Avaz web sitesi çerez kullanmaktadır. Sitede gezinmeye devam ederek, çerez kullanımımızı kabul etmiş olursunuz.
Daha fazla bilgi için "Çerez Politikası" metnini okuyabilirsiniz.