10 Eylül 2021 22:04
Ескі суреттер мен тарихи фотосуреттерден мешіттің түпнұсқасының солтүстік-батыс бұрышында сыланған жалғыз тас мұнарасы болғанын көруге болады.
Шығыс қасбетінде ғимараттың қосымша құрылымы бар, тарихи суреттерге сүйенсек, бұл құрылымның оңтүстігінде арнайы кіретін жері болғаны және де мешіттің жоғарғы бөлігі шатырмен жабылғаны анықталады.
Аталған мешіт Кеңес заманында, 1935 жылы ресми түрде жабылды.
Қырым татарлары өз отандарынан қуылғаннан кейін мешіт ғимараты көптеген жылдар бойы ауылдық клуб ретінде пайдаланылды. 1980 жылдары ауылда мәдениет үйінің салынуымен бірге мешіт ғимараты қараусыз қалды.
Қырым татарлары жаппай отанына орала бастаған кезде мешіттің тек қабырғаларын қалған болатын.
Ескі мешіттің жоспарына қарай тікбұрышты тас схемасына сәйкес қайта салынған Токлук ауылындағы мешіт 2013 жылы ғибадат ету үшін ашылды.