10

Түркі Кеңесінің Экономика Министрлерінің 10-шы жиналысы Бакуде ұйымдастырылады

Түркітілдес Елдердің Ынтымақтастық Кеңесі (Түркі Кеңесі) Экономика Министрлерінің 10-шы кездесуі Әзірбайжан астанасы, Бакуде өтеді. Аталған жиналысқа Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қатысады.

10 Eylül 2021 18:23

Әзірбайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаров пен Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевтің төрағалығымен ұйымдастырылған кездесуге Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Түркияның Сауда министрі Мехмет Муш, Қырғызстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Экономика және қаржы министрі Ақыбек Жапаров, Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Азиз Войтов және Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Петер Штарай қатысады. 

Кездесудің күн тәртібінде Түрік инвестициялық қорының "Техникалық-экономикалық негіздеме жұмыыстары" және "Құру туралы келісім", Түрік сауда-өнеркәсіп палатасының құқықтық мәртебесі және басқа да қызмет түрлері, Түркі Кеңесі аймағындағы сауда және инвестициялық режимдерді одан әрі ырықтандырудың қосымша тетіктері және мүше мемлекеттерде Түрік Сауда Үйін құру сияқты мәселелер болады.

Министрлер сондай-ақ келесі кезеңде Мажарстанда (Будапешт) және Қырғызстанда (Бішкек) өткізілуі жоспарланған іскерлік және инвестициялық форумдарды ұйымдастыру туралы пікір алмасады.

Кездесу қорытындысы бойынша "Түрлі экономикалық аймақтар арасында білім мен тәжірибе алмасу бойынша өзара түсіністік туралы" декретке қол қойылады, сондай-ақ марапаттау рәсімі өтеді деп күтілуде.

Жиналыстың жоспарланған күнде министрлердің қатысуымен "Әзірбайжанды жаулап алудан босатылған Қарабақ аймағын қалпына келтіруге және дамытуға арналған" Түрік бизнес-форумы өтеді.

Жаңалықтар