22 Ekim 2021 17:33
Ыстанбұлда Түркі кеңесінің медиа-форумы басталды. Түркия Республикасының Президенті Р.Т. Ердоған медиа-форумның ашылуына бейне-хабарлама жіберді.
Форумның ашылуына Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Ерсін Татар, Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев, Түркияның Президенттік байланыс басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун және Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.
Форум жұмысына Түркі кеңесіне мүше елдер - Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркі кеңесіне бақылаушы ел ретінде Мажарстан, сондай-ақ Түркіменстан мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының медиа өкілдері, ғалымдар, Мемлекеттік мекемелердің жоғары лауазымды тұлғалары, әлеуметтік медиа және коммуникация факультетінің студенттері қатысуда.
Форумда түркітілдес елдер арасындағы медиа және киноиндустриядағы ынтымақтастықты кеңейту, әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа қарсы бірлескен күрес мәселелері талқыланады.
Медиа форум аясында түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған цифрлық көрме ашылды. Ашылу салтанатына Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Ерсін Татар, Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев, Түркияның Президенттік байланыс басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун және Түркия Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.
Фахреттин Алтун жалған ақпаратқа қарсы шындық жағында болу - мораль талабына ұстану керек екендігін айтып: "Біздің алдымызда әділеттілік сезімін жоюға, қоғамдардың мәдени, экономикалық және идеологиялық қанауын ашық етуге тырысатын сала тұр. Біз жалған ақпаратпен күресті ұлттық қауіпсіздігіміздің ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз және соған сәйкес әрекет етеміз," - деді.
Сонымен қатар Алтун Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Ерсін Татарға және бүкіл қатысушыларға алғысын білдірді.