Түркі кеңесіне мүше елдердің ортақ медиа-форумында "Бірліктен туған жеңіс - Қарабақ" деп аталған арнайы сессия өткізілді

Ыстанбұлда Түркияның Президенттік байланыс басқармасының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан түркітілдес елдердің медиа-форумында "Бірліктен туған жеңіс - Қарабақ" атымен арнайы панель өтті.

24 Ekim 2021 13:13

Түркі кеңесіне мүше елдердің ортақ медиа-форумының екінші күнінде ретімен бесінші панель өткізілді. 

"Бірліктен туған жеңіс - Қарабақ" деп аталған арнайы сессия Түркияның Президенттік Қауіпсіздік және Сыртқы Саясат Кеңесінің мүшесі, Түркия-Әзірбайжан Достық, Серіктестік және Ынтымақтастық Қорының басшысы - профессор, доктор Айгүн Аттардың төрағалығында өтті.

Аталмыш сессияға Қазақстан атынан "Айқын" газеті бас редакторының орынбасары Аманкелді Құрмет қатысты.

Құрмет мырза сөйлеген сөзінде Орталық Азиядағы елдердің ақпаратты көбінесе Ресейден қол жеткізгеніне назар аударып: "Халықтарымыз Қарабақтағы жағдай туралы аса көп нәрсе білмеген. Соңғы кезеіде Қазақстанда әлеуметтік желілердің әсері өте мықты. 44 күн бойынша жалғасқан Қарабақ соғысы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы қазақ тілінде ақпарат беретін 48 аккаунт ашылды, бұнын арқасында қазақтар Қарабақ мәселесіне "Түркі ынтымақтастығы" көзқарасымен қарауға бастады. Мысалы "ТикТок" әлеуметтік желіде Әзірбайжан президентінің сөздері қазақша субтитрлермен берілді. Біз Әзірбайжан және Түркияның ақпарат беретін сайттарымен таныстық, манипулиция ретінде жазылмаған жаңалықтарға қол жеткіздік. Біз Түркияның медиасын батыс медиасы деп атаймыз, ал Орталық Азиядағы медиа шығыс медиасы деп аталады." -  деді.

 

 

Жаңалықтар