Түркі кеңесіне мүше елдердің ортақ медиа-форумында "Түркі әлемінің серіктестігі" тақырыбы қозғалды

Түркия Республикасының Президенттік байланыс басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан форумда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Гисмат Гозаловтың төрағалығында "Түркі әлемінің арнайы 30. отырымы: Терең тарих, мықты болашақ" атты сессия іске асырылды.

22 Ekim 2021 22:16

Гозалов сөйлеген сөзінде 30 жыл бұрын бүкіл түркітілдес елдерді бір шаңырақтың астында біріктіру үлкен арман болғанын атап өтіп, түркі әлемі елдерінің ынтымақтастығының арта түскеніне аса назар аударды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев елімізде 1991 жылдан бері мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың нығайғаны туралы еске салып, БАҚ-да қызмет атқаратын адамдардың заңды құқықтары қорғалғанын атап өтті.

Жаңалықтар