Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің баспасөз өкілдері Әзірбайжанда кездесті

Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесінің медиа-туры аясында Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгриядан келген 30 тілші Арменияның басқындығынан құтқарылған Қарабақ аймағы мен оған іргелес аймақтарға барды.

03 Eylül 2021 16:46

Әзірбайжанда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің баспасөз өкілдерінің кездесуі өтті. 

Іс-шара 30 тамызда Баку қаласында басталды, келген тілшілер қаланың мәдени және тарихи құндылықтарымен танысты. Баспасөз өкілдерін Әзірбайжан Республикасының орынбасары және Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Хикмет Гаджиев қабылдады.

Медиа-турдың мақсаты-Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің баспасөз өкілдері арасындағы байланыстарды дамыту, достықты нығайту және бірлескен іс-шараларға белсенді қатысуды қамтамасыз ету.

Іс-шараға қатысқан қазақ тілші Серікбол Кошмағанбетов оккупация кезінде қалаларға келтірілген залал адамгершілікке жатпайтынын атап өтті.

"Менің ойымша, бұл медиа-тур - түркітілдес елдер тұрғысынан үлкен мүмкіндік. Жаңалықтарды оқу және өз көзіңмен шындықтарды көру  мүлдем басқа нәрсе. Мұнда азаматтармен сөйлесу, оларды тыңдау - ерекше сезім. Осындай іс-шаралардың болашақта да жалғасын табуын тілеймін." - деді Серікбол Кошмағанбетов.

Жаңалықтар