Түркі халықтардың ортақ сұсыны - қымыз

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметтісі.

12 Eylül 2021 13:53

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.

Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарында бiрiншi кезекте берiледi. 

Жылқы сүтімен жылқы етінің шипалы екені бүкіл әлемге мәлім.

Жылқы етін қанша жесең де күпті болмайсың, тез сіңеді, тез қорытылады. Қанша суық болса да, жылқы майы қатпайды. Тобарсып қана тұрады. Сол сияқты қымызды қанша ішсең де, сіңе береді. Туа сала анасынан айырылған сәбиді жылқының саумалымен асырауға болады. Демек, жылқы сүті ананың сүтімен бірдей.

Қымыз жай ғана шипалы сұсын емес, ол асты да қорытады. Қымыз ішкен адам тоқ жүреді. 

Қымыздың өзі түр-түрге бөлінеді. Атап айтар болсақ, бал қымыз – бал, қант, өрік-мейіз  қосылып ашытылған қымыз. Сырқат адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі.

Сірге жияр қымыз – күздігүні бие ағытарда бірнеше күн жиналған қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен.

Уыз қымыз – бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Май қымызы деп те аталады.

Сары қымыз – жаздың ортасында, шоп әбден піскен, буыны қатқан кездегі қымыз. Кош-қоннан қымыз коп шайқалып, коп пісіледі де, ірімшігі жақсы жазылып, ашуы білінбей, қымыздың күші оз бойына сіңген сарғылт болады. Сары қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.

Жаңалықтар