Түркі халықтарының ортақ тағамы - Самса

Өзбек тағамдарының ішінде ерекше орынға ие самсаның көптеген түрлері бар.

17 Ekim 2021 21:28

Самса - ет қосылып, ұннан пісірілетін тағам. Тандырға піскен самса, қаусырма самса, өкпе-бауыр қосып пісірген самса сияқты түрлері бар.

Тандыр самсаны әзірлеу үшін ұннан тығыз етіп қамыр илейді. Оған тиісінше майдалап туралған қой еті, сарымсақ, қара бұрыш, тұз, құйрық майы қосады. Осыларды дөңгелек күлше қылып қамырға орап, бір бетіне суық су бүркеді де тандырдың ыстық бүйіріне жапсырады.

Піскен самсаны тандырдан алысымен бетіне май жағады.

Жаңалықтар