2022

"Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" - Бурса қаласында түрлі іс-шаралар өткізілмек

Бурса әкімшілігінің жасаған мәлімдемесіне сәйкес, қаланың әкімі Алинұр Ақташ пен Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Анкарада арнайы жиналыс өткізді.

22 Ekim 2021 11:06

Ақташ "Бурса - Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" іс-шаралары аясында қарқынды жұмыстың атқарылуда болғанын атап өтіп, Ерсой мырзаға бұл туралы мәлімет берді.

Өз кезегінде Түркияның Мәдениет және туризм министрі Бурса қаласының "мәдени астана" марапатына лайық болғанына қуанышты екенін білдірді.

Сонымен қатар министр арнайы іс-шаралар аясында Бурсаны маңызды мәдениет орталығына айналдыру мақсатына тоқталды:

"Бурсада Мәдениет және туризм министрлігінің 2022 жылға арналған күнтізбесіне енгізілген бірнеше ірі іс-шаралар және гала-концерттер өтеді. Сондай-ақ Бурсаның жау оккупациясынан босатылуының 100 жылдығы, түркі-ислам әлемінде "Мәуліт ақыны" деген атпен танымал Ұлы мешіттің алғашқы имамы Сүлеймен Челебидің қайтыс болуының 600 жылдығы, "Муданья бітімінің" 100 жылдығы қарсаңында маңызды мәдени шаралардың өткізілуі жоспарлануда. "Қорқыт Ата" түркітілдес халықтарының кинофестивалі Ыстанбұлдан кейін Бурсада да ұйымдастырылуы жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр." - деді Ерсой.

Бурсаның әкімі Ақташ аталған іс-шаралардың қаланың туризм әлеуетін арттыратынын атап өтіп, қаңтар айының соңғы аптасында Бурсада ТҮРКІСОЙ ұйымының кезектен тыс отырысының өтілуі туралы мәлімет берді.
 

Жаңалықтар