03 Eylül 2021 16:22
Түркітілдес мемлекеттерден келген суретшілер қаланың әкімі Ибрахим Акынмен кездесті.
Акын мырза суретшілерді жылы қабылдап, келгендеріне қуанышты болғанын білдірді.
Кыршехир қаласы Түркияның мәдениеті мен музыкасының астанасы болғанын атап өткен Акын: "Осындай іс-шаралар бауырлас елдеріміздің арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтады," - деп айтты.
Айта кетейік, 2021 жыл "Ахи Эвран Вели" жылы болып жарияланған болатын.
Келген суретшілердің туындылары 34-шы "Ахилик" аптасы іс-шарасы аясында арнайы көрмеде ұсынылады.