Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым Қазақстанға іске асырған сапарына баға берді

Түркияның "Ақ партиясы" төрағасының орынбасары және Түрік мемлекеттері ұйымы ақсақал кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым "Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілетуге және Кавказ бен Орталық Азияда локомотив рөлін ойнауға және ұйымның тиімді жұмысына ықпал етуге ниетті" екендіктерін мәлімдеді.

12 Aralık 2021 17:11

Қазақстанға іске асырған сапарына баға берген Биналы Йылдырым Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде елімізге алғаш рет келгенін атап өтті.

Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан мен елорда Нұр-Сұлтанға жасаған сапарларының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында болғанына назар аударған Йылдырым, 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін 20 минутта алғаш таныған ел Түркия болғанын еске салды.

Йылдырым Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктері туралы айта келе: "Қиын жылдардан өткен Қазақстан мемлекеті қазір саудасын 100 миллиард долларға дейін ұлғайтты және Орталық Азияда экономикалық тұрғыдан өте маңызды елге айналды. Біздің мақсатымыз - екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету, Кавказ бен Орталық Азияда локомотив рөлін ойнау және ұйымның тиімді жұмысына ықпал ету."- деді.

"Ыстанбұлда өткен саммитте қабылданған шешімдерді іске асыру мәселелерін, атап айтқанда, "Түркі әлемі-2040" туралы құжаты аясында мүше елдер арасындағы жұмысты қалай жүргізу керектігін талқыладық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге ұйымның болашақта тиімді болуы үшін пікір алмастық. Біз сондай-ақ Түркістанды өңірлік байлықтың орталығы ету үшін құрылатын еркін экономикалық аймаққа Түркі мемлекеттерінің белсенді қатысуын бағаладық,” - деп жалғастырды Йылдырым.

Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Йылдырым ТМҰ ретінде жәрдемдесу, логистикалық бағыттарды дамыту және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы қызметке ерекше назар аударылатынын айтты.

Жаңалықтар