Түркіменстанның Ұлттық кілем мұражайы

Ұлттық кілем мұражайы 2009 жылы түркімен халқының кілем тоқу дәстүрін сақтау және жаңарту мақсатымен ашылды.

05 Eylül 2021 00:39

Түркіменстандағы Кілем мұражайы - Орталық Азиядағы ең ерекше мұражай. Бұл мұражайда Түркіменстанның түкпір-түкпірінен жиналған үлкен және кіші екі мыңнан астам кілем экспонаттары бар. Мұражайға келушілерге кілем тоқудың әр кезеңі көрсетіледі.

Кілем мұражайы 5 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім "ежелгі бөлім" деп аталады, онда тоқылған және XVII-XX ғасырларда қолданылған кілемдер ұсынылған.

Екінші бөлімде әртүрлі аймақтардағы кілемдердің ерекше үлгілері ұсынылған.

Үшінші бөлімде өте үлкен кілңмдерді көруге болады.

Төртінші бөлімде кілем тоқуда қолданылатын өнімдер көрсетілген.

Бесінші бөлімде Түркіменстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде тоқылған кілем үлгілерін көруге болады.

Түркімен халқының кілем тоқу дәстүрін сақтау және жаңарту мақсатында ашылған Кілем мұражайы өзінің бірегейлігімен туристерді қызықтырады.

Жаңалықтар