27 Ekim 2021 15:05
Қазақстанның Түркістан қаласында Түркі кеңесі университеттері қауымдастығының 5-ші жиналысы өтті.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарапынан ұйымдастырылған отырысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан университеттерінің 32 ректоры қатысты.
Отырыста Түркі кеңесі университеттері қауымдастығының 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлары айқындалды. Сондай-ақ, "Орхун" атты студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша жаңа ұсыныс қабылданды.
Жиналыста келесі ай Ыстанбұлда өтетін Түркі кеңесіне мүше елдердің Білім министрлері кеңесінің 6-шы отырысы, Түркі кеңесі университеттер қауымдастығының 2-ші спорттық форумы, қараша айында Ыстанбұлда өтетін Түркі әлемінің мәдениеті мен өнері фестивалі секілді іс-шараларға дайындық мәселелері талқыланды.