Түркітілдес елдерінің медиа өкілдері Қазақстанда арнайы жиналыста кездесті

Түркі академияcының ұйымдастырған іс-шарада "Түркітілдес елдердің медиа құрылыстарының арасындағы ынтымақтастықты нығайту" атты жиналыс өткізілді.

15 Eylül 2021 22:27

Еуразиялық Медиа-форум аясында Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған кездесуге Қазақстан ұлттық радио және телеарна қауымдастығының директоры Ляззат Танышбай, Түркия NTV телеарнасының сыртқы жаңалықтар директоры Ахмет Ешилтепе, Әзірбайжан ұлттық телеарнасының саяси комментаторы Тофик Аббасов, Мажарстан "Дуна" Ұлттық телеарнасының директоры Истван Палффи Орбан, Тәжікстан "Авеста" ақпараттық агенттігінің бас редакторы Джанатхон Курбанова, Түркіменстан мемлекеттік ақпараттық агенттігінің бас директорының орынбасары Сияхетмұрат Какышов және Халықаралық Түркі академиясы төрағасының орынбасары Фузули Маджидли қатысты.

Кездесуде түркі әлемінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығын дамыту идеялары, сондай-ақ осы саладағы бірлескен өзара іс-қимыл платформасын құру, жобалар жасау, БАҚ-тың жаңа саласындағы ақпарат ағынын қамтамасыз ету және тәжірибе алмасу сияқты мәселелер талқыланды.

Қазақстан ұлттық радио және телеарналар ұйымының төрайымы Танышбай, бауырлас халықтардың телеарналарымен тығыз ынтымақтастық процесінде болғандықтарын мәлімдеді.

Сондай-ақ Танышбай Түркия, Өзбекстан және Әзірбайжанның жетекші БАҚ-тарымен контентпен алмасу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтіп: "Түркі әлемінің ортақ құндылығы, Қорқыт Ата туралы телехикая түсіруге дайындықты бастадық. Бұл жоба бүкіл түркі әлемінің ортақ жобасы болуы мүмкін. Түркі халықтарының жаңа жылы, баршамыздың ортақ мерекеміз Наурызда телеарналарымыз арасында тікелей эфир ұйымдастыруды ұсынамын" - деді ол.


Өз кезегінде Түркия NTV телеарнасының Ахмет Ешилтепе сыртқы жаңалықтар директоры Ахмет Ешилтепе Түркі әлемі БАҚ арасында бірлескен жобаларды құрудың маңыздылығын атап өтіп: "Жастарға көбірек мүмкіндіктер беріліп, жаңа жобалар жастардан алынуы керек. Мемлекеттік телеарналар бұл салада өте белсенді жұмыс істеуде, алайда жаңа медиа кеңістікте көп жұмыс істеу керек."- деді.

 

Жаңалықтар