28 Kasım 2021 16:39
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 15-ші саммитіне қатысты.
Саммитте сөйлеген сөзінде ол алдымен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.
Ердоған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерін Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, сонымен қатар президент Covid-19 індеті салдарын жою мақсатымен жүргізілген жұмысқа ерекше назар аударды.
"Жұқпалы індет экономикаға, сауда мен туризмге де кері әсерін тигізді. Түркия осы күрделі процесте әлемнің түкпір-түкпірінде көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысты. Қазіргі таңда 160 елге және 12 халықаралық ұйымға Түркия тарапынан медициналық көмек жеткізілді. Біз отандық TURKOVAC вакцинасын шұғыл пайдалануға рұқсат алуға өтініш бердік. Екпеміз мақұлданған кезде оны жедел түрде екпе қажеттілігі болған елдерге жіберемез,"- деп жалғастырды президент.
Мемлекет басшысы терроризмге қарсы бірлескен күреске назар аударды.
"Бейбітшілік, дәйектілік және экономикалық даму аймақтарымыздың PKK, YPG, ФЕТО және ДЕАШ сияқты террористік ұйымдардан тазартылған кезде ғана жеделдейді," - деп айтты Ердоған.
Кипр мәселесін де қозғаған Ердоған: "Кипр мәселесін реттеудің негізгі шешімі түркітілдес елдердің Кипрдың егемендігі мен халықаралық мәртебесінің теңдігін тіркеуінде жатыр. Сондықтан барлық достас және бауырлас мемлекеттерден мәселені реттеуге бағытталған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұстанымын бағалауды сұраймын," - деді ол.
Аймақтағы көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өткен президент: "Біздің осы саладағы күш-жігеріміз үнемі жалғасуда. Сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізу керек," - деді.
Ердоған өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, Ауғанстандағы жағдай ЭЫДҰ елдеріне тікелей әсер ететінін атап өтті. Президент бүкіл аймаққа әсер ететін босқындар дағдарысының алдын алу үшін экономикалық белсенділікті арттыру қажеттілігі туралы айтты. Ердоған Түрік Қызыл Айы ұйымының Ауғанстандағы аштық қаупімен күресте гуманитарлық көмегін көбейткенін мәлім етті.
Мемлекет басшысы Иранға қарсы біржақты санкциялар тоқтатылуы тиіс деген пікір білдірді. Ол барлық тараптардың бірлескен іс-қимылдардың кешенді жоспарына оралуы өңірдің экономикалық өркендеуі мен тұрақтылығына ықпал ететінін атап өтті.
"Әзербайжанның аймақтағы өркендеуін арттыруға бағытталған қадамдар жоғары бағалануы керек. Түркия әрқашан Әзербайжанды қолдайды,"- деп түйіндеді Ердоған.