Түркия-Әзірбайжан бірлескен медиа платформасының алғашқы отырысы өтті

Түркия Республикасының Президенттік байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун және Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиевтің төрағалығымен өткен отырысқа екі елдің медиа және коммуникацияларға жауапты қызметкерлерінің делегациялары қатысты.

23 Ekim 2021 17:12

Отырыс "Екі мемлекет, бір ұлт: ортақ бұқаралық ақпарат құралдары" ұранымен өтті. Кездесуде дәстүрлі медиа, цифрлық медиа, стратегиялық коммуникация және қоғамдық дипломатия саласындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайту, сондай-ақ екі елдің байланыс саласындағы достық қатынастарын жетілдіру мақсатында дезинформацияға қарсы бірлескен күрес мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша "қоғамдық дипломатия", "халықаралық медиа", "стратегиялық коммуникация", "білім беру", "заңнама және реттеу", "цифрландыру және ұлттандыру" комитеттерін құру туралы шешім қабылданды.

Отырыста сөз сөйлеген Түркия президенттік аппаратының байланыс басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун 2020 жылғы 10 желтоқсанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевтің қатысуымен қол қойылған "Түркия мен Әзірбайжан арасындағы медиа саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумның" нәтижесінде ресми түрде бірлескен медиа-платформа құрылғанын, бұл институционализация саласындағы өте маңызды қадам екенін атап өтті.

Ол Қарабақты жаудан азат ету кезінде тек әскери және саяси ғана емес, сонымен қатар коммуникациялық және ақпараттық салалардағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында екі ел де айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне тоқталды.

"Медиа, коммуникация және қоғамдық дипломатия саласындағы дезинформацияға қарсы күрес саласындағы Әзірбайжан-Түркия ынтымақтастығын нығайтудың маңызы зор. Біз тәжірибе алмасу, мүмкіндіктерді бағалау, институционалдық әлеуетті дамыту және осы салада бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келістік," - деді Алтун.

Сонымен қатар Алтун бірлескен медиа-платформа Түркия мен Әзірбайжан халықтарының, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың назарын аударатын мықты перспектива мен серпінді құрылым арқылы жұмыс істейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, платформа алдында 6 комитет құрылған. Аталған комитеттер екі елдің медиа және коммуникация саласындағы бірлескен жобаларының келісімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Жаңалықтар саласында ғана емес, кино және телехикаялар саласында да бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Екі ел арасындағы терең қарым-қатынастарды нығайтуға және әділ іс-әрекеттерді қалың жұртшылыққа тиімді жеткізуге ықпал ететін болады.

Өз кезегінде Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев Қарабақ соғысы кезінде Түркия мен Әзірбайжан халықаралық қоғамдастыққа сенімді ақпарат бере отырып, байланыс саласында бірлескен жұмыс жүргізгенін айтты. Гаджиевтің айтуынша, жаңадан құрылған бірлескен медиа платформа байланыс индустриясындағы байланыстарды институционализациялады.

Сондай-ақ кеңесші медиа және коммуникация саласындағы бірлік пен келісімнің арқасында екі ел қысқа мерзім ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Жаңалықтар