27 Ağustos 2021 15:51
Фотокөрменің ашылуы бір минуттық құрмет көрсету тыныштығымен басталып, ядролық қарусыз әлемді құрудағы Қазақстанның рөлі мен ықпалы туралы қысқа метражды фильм көрсетілді.
Кіріспе сөзін сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, қазақ халқының бастан өткерген қайғылы және әркімге сабақ болатын оқиғаны еске алғандарын айтып, биыл 1991 жылғы 29 тамыздағы Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толғанын еске салды. Елші: "Бүгін Анкарада ұйымдастырылған көрме бізге 72 жыл бұрынғы уақытты еске түсіріп қана қоймайды. Сонымен қатар, бұл көрме барлық ядролық қаруды жоюға және осыған ұқсас қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеуге ынталандыру керек,» - деп сөзін жалғастырып, Семей полигоны туралы ақпаратпен бөлісті.
Аталған көрмеге Жапонияның Түркиядағы Елшісі Казухиро Сузуки, ТР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі департаментінің бас директоры Елші Гулин Динч және Анкара қаласындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен дипломаттары, Түркия университтерінің ғалымдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Арнайы Іс-шара қонақтардың көрмені тамашалауымен аяқталды.