Түркияның Бурса қаласы "Түркі әлемінің мәдени астанасы" ретінде таңдалды

Бурса түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Бұл шешім Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен ТҮРКІСОЙ-ға мүше елдерінің тұрақты кеңесінің 38-ші отырысында бірауыздан қабылданды.

16 Eylül 2021 13:32

Өзбекстанның Хиуа қаласында Түркі мемлекеттері Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 38-ші отырысы өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Түркияның Бурса қаласы 2022 жылдың "Түркі әлемінің мәдени астанасы" болып жарияланды.

Іс-шарада Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой қаланың түркі әлеміндегі маңызы туралы баяндама жасады.

"2022 жылдың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып таңдалған Бурса, Осман империясының алғашқы астанасы болған. Қала тарихи сәулеттік құрылымы, көрікті көрінісі және табиғи сұлулығымен ерекшеленеді. Бурсаның Түркі әлемі астаналар тізімінде орын алғанына аса қуаныштымын," - деді Ерсой.

Сонымен қатар 2022 жыл ТҮРКІСОЙ тарапынан Тоқтоболот Әбдімомунов, Фикрет Әміров және Сүлейман Челеби жылы болып жарияланды.

Жаңалықтар