Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш "Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары" конференциясына қатысты

Іс-шараға бейне-конференция арқылы қатысқан Ербаш "Қазақстанның дін қызметтері саласында қарқынды түрде іс-шаралар өткізгеніне аса қуаныштымыз" - деді.

26 Kasım 2021 23:57

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында "Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары" тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш да қатысты.

Ербаш сөйлеген сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын құттықтай отырып, қазақ жерінің тек түркі өркениетінің ортылығы емес, сонымен қатар түркі әлемінің достығы мен ынтымақтастығының "қасиетті бесігі" болғанын айтты.

"Түркі халықтарының күші - бірлікте, ортақ құндылықтарымыз бен ортақ мұраттарымыз және сеніміміз негізгі күшіміз болып табылады. Біз әділеттілік пен жанашырлық сезімін қалыптастыру, нанымдарды теріс пайдаланудың алдын алу, атап айтқанда терроризм мен анархияның дінге енуіне жол бермеу үшін байыпты қызмет атқаруымыз керек," - деп жалғастырды Ербаш.

Қазақстанның күннен күнге діни қызмет саласында дамып келе жатқанына назар аударған Ербаш: "Бұл жетістіктерге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы және ұтымды саясаты үлкен үлес қосты, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл саясатты жалғастырып келе жатқанына өте қуаныштымыз." - деп түйіндеді Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы.

Жаңалықтар