20 Kasım 2021 00:49
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәмимен кездескен Түркияның Конституциялық Сотының Төрағасы Арслан бұл жолы Алматыға келді.
Арслан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде "Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық моделі" халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияға сонымен қатар университеттің ректоры Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстан Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов, Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Рыза Акынжи, Нұрсұлтан Назарбаев қоры директорының орынбасары Игорь Рогов, университеттің оқытушылары мен студенттер қатысты.
Конференцияда сөйлеген сөзінде Арслан Алматыға келгеніне қуанышты болғанын білдіріп: "Қазақ халқын Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын, тәуелсіздігіңіз мәңгі болсын," - деп тіледі.
Сондай-ақ Түркияның Конституциялық Сотының Төрағасы 12 қарашада Ыстанбұл қаласының "Демократия және бостандық" аралында "Цифрлық технологиялар дәуіріндегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар" тақырыбында өткен Түркі кеңесінің 8-ші саммитіне тиесілі сөз сөйледі.
"Түркі кеңесінің "Түркі мемлекеттері ұйымы" деп аталғаны Түркі әлемі арасындағы бауырластық байланыстарды айтарлықтай нығайтады." - деді Арслан мырза.
Конференциядан кейін Зухту Арсланға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев тарапынан "Құрметті профессор" атағы берілді.
Арслан және төрағалығындағы делегация Қазақстанға іске асырып келе жатқан ресми сапары аясында ертең Түркістанға барады деп күтілуде.