19 Eylül 2021 01:57
Шентоп Еуразиялық медиа форумның медиа индустрияны дамытуға және ашық диалог атмосферасын құруға үлкен үлес қосатынын айтып, іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы қазақ халқының терең тамырлы тарихқа ие болғанын, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ел ішінде де, жаһандық ауқымда да бейбітшілікті бейнелейтін негізгі елдердің біріне айналғанына баса назар аударды.
Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар көпжақты тұғырнамаларда табысты сақталып отырғанын айта келе Шентоп: "Негізгі мақсатымыз түркітілдес мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету; өңірлік және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа жәрдемдесу,"- деп түйіндеді.
Айта кетейік, Назарбаев атындағы орталықта өткен рәсімге Қазақстан Сенатының төрағасы Маулен Ашимбаев, Еуразиялық медиа форумның атқарушы директоры Дариға Назарбаева, сондай-ақ Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, Ресей Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко және танымал режиссер Оливер Стоун қатысты.
Биылғы 17-ші форумда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық сарапшылар цифрлық медиа, әлеуметтік жаңалықтардың мазмұны, болашақ БАҚ және жаңа тенденциялар, қажетті ақпаратты алу сияқты тақырыптар бойынша жеке дәрістер өткізді, сонымен қатар Ауғанстандағы жағдай, әлемдегі жаһандық індеттің жаңа тәртібі сияқты атаулармен сессиялар іске асырылды.