16 Aralık 2021 15:21
Хатта: "Достас және бауырлас қазақ халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшелері атынан шын жүректен құттықтаймын.
Түркия мен Қазақстан арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынастардың негізінде терең тарихи, мәдени және гуманитарлық байланыстар жатыр. Парламенттер арасындағы тығыз қатынастар да осы берік негізде дамып, екіжақты және көпжақты платформаларда қарқын алуда.
Бауырлас Қазақстан халқына, Қазақстан Парламентінің барлық құрметті мүшелеріне денсаулық, бейбітшілік пен амандық, табыс пен бақыт тілеймін." - делінді.
Шентоп. сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевқа құттықтау хатын жолдап, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.