28 Kasım 2021 16:48
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 15-ші саммитіне қатысты. Саммитте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы терроризмге қарсы бірлескен күреске ерекше назар аударды.
"Бейбітшілік, дәйектілік және экономикалық даму біздің өңіріміз PKK, YPG, ФЕТО және ДЕАШ сияқты террористік ұйымдардан тазартылған кезде ғана жеделдейтін болады,"- деді Ердоған.
Кипр мәселесін де қозғаған Ердоған: "Кипр мәселесін реттеудің негізгі шешімі түркітілдес елдердің Кипрдың егемендігі мен халықаралық мәртебесінің теңдігін тіркеуінде жатыр. Сондықтан барлық достас және бауырлас мемлекеттерден мәселені реттеуге бағытталған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұстанымын бағалауды сұраймын," - деді ол.
Аймақтағы көлік инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өткен президент: "Біздің осы саладағы күш-жігеріміз үнемі жалғасуда. Сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізу керек," - деді.
Ауғанстандағы жағдай
Ердоған өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, Ауғанстандағы жағдай ЭЫДҰ елдеріне тікелей әсер ететінін атап өтті. Президент бүкіл аймаққа әсер ететін босқындар дағдарысының алдын алу үшін экономикалық белсенділікті арттыру қажеттілігі туралы айтты. Ердоған Түрік Қызыл Айы ұйымының Ауғанстандағы аштық қаупімен күресте гуманитарлық көмегін көбейткенін мәлім етті.
Әзербайжанды қолдау
"Әзербайжанның аймақтағы өркендеуін арттыруға бағытталған қадамдар жоғары бағалануы керек. Түркия әрқашан Әзербайжанды қолдайды,"- деді Ердоған.