Түркияның Президенттік байланыс басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун Түркі кеңесінің медиа-форумында сөз сөйледі

Ыстанбұл қаласында Түркі кеңесіне мүше елдердің ортақ медиа-форумы басталды. Форумды Түркияның Президенттік байланыс басқармасы ұйымдастырды.

22 Ekim 2021 17:12

Ыстанбұлда Түркі кеңесінің Медиа форумы басталды. Форумның ашылуына қатысқан Түркияның Президенттік байланыс басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун бүкіл қатысушыларға сәттілік тіледі. 

"Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алғашқы саммиті 10 жыл бұрын Қазақстанда өтті. Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында Түркі іскерлік кеңесі құрылды. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бірінші саммитінің 10 жылдығында Түркі кеңесінің медиа-форумы өтуде. Форумды өткізуді үлкен мәртебе ретінде қабылдаймыз," - деп бастады сөзіне Алтун мырза.

Алтун бір жыл бұрын Қарабақтағы Әзірбайжан жерлері басқыншылардан әлі босатылмағанын атап өтіп: "Қаһарман Әзірбайжан әскерлері басқыншыларға қарсы күрескен кезде, армяндар бейбіт тұрғындар мен елді мекендерге үнемі шабуыл жасап отырды. Өкінішке орай, бұл шабуылдарда халықаралық шарттарда тыйым салынған бомбалар мен қарулар қолданылды және Гянджа мен Мингечевир қалалары қирады. Түркия 44 күндік соғыста Әзірбайжанды қолдады. Әзірбайжан халқының құқықтарын әлем халықтарына жеткізумен қатар,  жалған ақпаратпен күрестік. Түркияның жетекші әлемдік медиа агенттіктері әлемге армяндар ұмытып кеткісі келетін фактілерді жариялады," - деді.

Фахреттин Алтун жалған ақпаратқа қарсы шындық жағында болу - мораль талабына ұстану керек екендігін айтып: "Біздің алдымызда әділеттілік сезімін жоюға, қоғамдардың мәдени, экономикалық және идеологиялық қанауын ашық етуге тырысатын сала тұр. Біз жалған ақпаратпен күресті ұлттық қауіпсіздігіміздің ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз және соған сәйкес әрекет етеміз," - деп жалғастырды.

Фахреттин Алтун: "Бүгінгі таңда Түрк3 Кеңесі ретіндегі жұмысымыз цифрлық фашизмге, кибер империализмге және жаһандық жалған индустриясына қарсы ақпарат өндіру мен таратудың ортақ арналарын нығайту болып табылады және осының негізінде біз Түркі әлемінің болашағы үшін коммуникация саласында сенімді жұмыс істейтін қоғамдық сана қалыптастыруымыз керек," - деді.

Сонымен қатар Түркияның Президенттік байланыс басқармасының төрағасы өзара ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңыздылығына аса назар аударып, түркі әлемінің жаһандық байланыс желісінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және жалған ақпарат науқандарына қарсы күреске жан-жақты үлес қосуға дайын екенін атап өтті.

Жаңалықтар