Түркияның "Республика күні" мерекесі Қазақстанда атап өтілді

Коронавирус індетіне байланысты шектеулі адам санымен ұйымдастырылған іс-шараға Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Екиджи, елшілік қызметкерлері, түрік қауымдастықтарының өкілдері және іскерлер қатысты.

30 Ekim 2021 13:23

Рәсім Қазақстан мен Түркияның ұлттық әнұрандарымен басталды.

Елші Екиджи сөйлеген сөзінде бұл мерейтойды бауырлас Қазақстанда атап өткендіктеріне қуанышты болғанын білдіріп: "Екі жылдан кейін бұл мерекенің 100 жылдығын тойлаймыз. Жастарымыздың болашағы жарқын болсын деп күш-жігерімізді аямаймыз," - деді.

Іс-шарада "E Quattro" музыкалық тобы түрік және қазақ тілдерінде әндер орындады, сондай-ақ Энус Эмре атындағы институттің студенті Мухамедьяр Анкабаев "Жерорта теңізіне қарай" және "Мұстафа Кемал туралы ойлаймын" өлеңдерін оқыды.

Жаңалықтар