30

Түркияның төрінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілді

Анкара қаласында үйымдастырылған арнайы рәсімге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, көптеген қонақтар, зиялы қауым мен баспасөз өкілдері қатысты.

16 Aralık 2021 15:08

Рәсімге Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Анкара қаласының әкімі Мансұр Яваш және басқа да көптеген қонақтар қатысты.

Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык сөйлеген сөзінде рәсімге Түркия Республикасы Үкіметінің өкілі ретінде қатысқанын айта келе, студенттік жылдарында көптеген қазақ және өзбек достарымен Орталық Азиядағы оқиғалардың дамуын құлшыныспен бақылап отырғанын еске салды. Сонымен қатар Янык Түркияның түркі әлемі жағрапиясымен деген экономикалық және мәдени ынтымақтастығы осыдан кейін де жалғасатынын айтты.

Өз кезегінде Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін 20 минутта алғаш таныған ел Түркия болғанын еске салды. "Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Қиын жылдардан өткен Қазақстан мемлекеті қазір саудасын 100 миллиард долларға дейін ұлғайтты және Орталық Азияда экономикалық тұрғыдан өте маңызды елге айналды. Біздің мақсатымыз - екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету." - деді Йылдырым.

"Түркия - Қазақстанның 5-ші ірі экономикалық серіктесі"

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы екі ел арасындағы қарым-қатынастары күн сайын қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың басты локомотиві сауда-экономикалық қатынастар болып табылатынын атап өтті.

"30 жылда тауар айналымымыз 30 миллион доллардан 3 миллиард долларға дейін өсті. Осылайша, 2021 жылдың алғашқы 10 айында Түркия көлемі бойынша Қазақстанның 5-ші ірі сауда серіктесіне айналды." - деді Елші.

Сапарбекұлының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 3 600 түрік компаниясы бар, ал түрік мердігерлері 27 миллион доллар көлемінде жұмыс атқарады.

Елші Түркияның Қазақстанға тартқан ивестициялары 3 жыл қатарынан рекордтық деңгейде жеткенін атап өтті.

Рәсім Қазақстанның ұлттық киімі ұсынылған сән көрсетілімі және аспаптар концертімен аяқталды.

Жаңалықтар