10

ТүркПА-ның 10-шы пленарлық отырысы түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда өтеді

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) 10. пленарлық отырысы 27-28 қыркүйекте Түркістанда өтеді.

17 Eylül 2021 13:00

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

Кездесу барысында 27-28 қыркүйекте Түркістанда өтетін ТүркПА-ның 10. пленарлық отырысына дайындық мәселесі талқыланды.

Биыл аталған отырысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Мәжіліс төрағаларының қатысуы күтілуде, сондай-ақ Өзбекстан өкілдері де жиналысқа шақырылды деп хабарланды.

Пленарлық отырыста  ТүркПА-ның 10 жылдық қызметі қаралып, Ассамблеяға мүше елдердің ынтымақтастығын дамыту үшін жаңа мақсаттар айқындалатын болады.

Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған ТүркПА-ға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия толық құқылы мүше болып табылады, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Жаңалықтар