10 Eylül 2021 22:03
Шахи Зинда – Өзбекстанның Самарқан қаласындағы Афрасияб тауының етегінде, төменнен жоғары жүргенде көтерілген баспалдақты жолдың екі жағында орын алған кесенелер топтамасына берілген атау.
Бұл кесенелердің көбі 14-15 ғасырлардан қалған және Әмір Темірдің отбасынан болғандарға және жақындарына салынған. Бұлардан Қусам бин Аббастың кесенесі, Әмір Темір дәуірінен бұрын салынған.
Самарқанға Исламды әкелген сахабалардың бірі Қусам бин Аббас 672 жылы Құрбан айт күні шәһит болған. «Шәһиттер сендер білмейтін өмірде тірі» деген аятқа сүйеніп, бұл жер Шахи Зинда (тірі шах) деп аталған.
Жыл бойы мыңдаған адам кесенелерді зиярат етіп, дұға бағыштайды.