22 Temmuz 2022 23:59
Әлемдік сәулет тарихында өзінің ерекше туындыларымен із қалдырған сәулетші Синанның өмірден озғанына 434 жыл болды.
Сәулетші Синан 1490 жылы Кайсери қаласындағы Ауырнас ауылында дүниеге келген.
Ол Сұлтан Сүлеймен, Сұлтан Селим II және Сұлтан Мұрат III кезінде 49 жыл бас сәулетші қызметін атқарды.
Тарихтағы ең танымал сәулетшілердің бірі сәулетші Синанның 500 жылдық ескерткіштері әлі күнге дейін сақталған сәулет және инженерия тұрғысынан ерекше стильге ие.
Мимар Синан 92 жұма мешіті, 52 мешіт, 57 медресе, 7 дарул қурра-қарылар медресесі, 22 мазар, 17 имарет, 3 емхана, 5 су жолы, 9 көпір, 20 керуен-сарай, 36 сарай-қамал, 8 қойма, 48 монша барлығы 375 ғимараттың салынуына себепші болған.
- Сұлеймание мешіті, Ыстанбұл;
- Шаһзада мешіті, Ыстанбұл;
- Хасеки мешіті, Ыстанбұл;
- Михримах cұлтан мешіті, Ыстанбұл
және бұдан басқа 90 жуық үлкен мешіттер.