880

Әйгілі Әзірбайжан ақыны Низами Гянджевидің 880 жылдығы атап өтілді

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында, Ширваншахтар сарайында әлемге әйгілі түркі ақыны және ойшылы, Әзірбайжан поэзиясының классигі Низами Гянджевидің 880 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Іс-шараны Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырды

12 Eylül 2021 14:19

Әзірбайжанда 2021 жыл елдің президенті Ильхам Алиевтің жарлығымен "Низами Гянджеви жылы" деп жарияланды.

Гянджевидің шығармалары өзектілігін жоғалтпады

Іс-шарада сөз сөйлеген Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының төрайымы Г.Эфендиева Әзірбайжанның ұлы ақыны Низами Гянджевидің жарқын естелігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Эфендиева, Низами Гянджевидің Әзірбайжан әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар өнердің басқа салаларын дамытуға үлкен үлес қосқанын айтты.

Низами Гянджеви-бүкіл түркі әлемінің данышпан ақыны

Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының төрайымы, Низами Гянджевидің шығармалары тек әзірбайжандықтардың емес, бүкіл түркі әлемінің мұрасы екенін атап өтті. "Низами дәуірінде Әзірбайжан аумағында Ширваншахтар мен Эльдегиздер сияқты түркі хандықтары басым болды. Низами Гянджеви бірнеше тілдерді білді. Ол өз шығармаларын парсы тілінде жазды, бірақ рухани поэзияның тілі түрік тілі болды. Басқаша айтқанда, ол өз еңбектерін парсы тілінде жазып, түріктердің дүниетанымын бейнелеген. Сондықтан Низами-бүкіл түркі әлемінің данышпан ақыны болып табылады,"- деді Эфендиева.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, Әзірбайжандағы шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Жаңалықтар