22 Temmuz 2022 14:53
Концерттік бағдарлама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің құрметіне ұйымдастырылды.
Қырғызстанның Президенті С.Жапаров өз сөзінде Орталық Азия елдерінің халықтары ежелден бейбітшілік пен келісімде қатар өмір сүріп келе жатқанын атап өтті.
Консультативтік кеңес отырысының Орталық Азия елдерінің бірлігін көрсеткенін атап өтіп Жапаров: "Ортақ тарихы, мәдени ұқсастығы және рухани құндылықтары бар елдерімізді жарқын және гүлденген болашақ күтуде. Біз халықтарымыздың мүддесі үшін ынтымақтастықты тиімді дамытуды жалғастырамыз," - деді.
Концертте Орталық Азия елдерінен танымал музыкалық композициялар орындалды.