03 Eylül 2021 12:56
Қырғыз-өзбек халықаралық университетінде 30 тамыз-2 қыркүйек күндері арасында Түркі Кеңесінің 3-ші "Жас лидерлер" форумы өтті. Бұл туралы Түркі Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары Омар Коджаман мәлімдеді. Форумға 50-ден астам кісі қатысты.
Қырғызстанның Жастар, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі мен Ош Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен іске асырылған рәсім Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді.
Форумға қатысқан жастар өз елдеріндегі жастарға тиесілі саясат туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар түркітілдес елдердегі жастар ынтымақтастығын нығайту жолдары, Түрік Кеңесінің қазіргі және болашақтағы жастар және спорт қызметі жөніндегі перспективалары мен ұсыныстары талқыланды.
Форум аясында қатысушылар Қырғызстанның Министрлер Кеңесінің төрағасы Ұлықбек Мариповпен, Ош қаласының әкімі Алмаз Мамбетовпен, сондай-ақ ғалымдар және жергілікті ресми өкілдермен кездесті.
Аталған форум қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын қамтитын жобаның қабылдануымен аяқталды.