53

Қырғызстанның Мемлекет басшысы Садыр Жапаров 53 жасқа толды

Бүгін "халық адамы" ретінде танымал қырғыз көшбасшының туған күні.

06 Aralık 2021 19:02

53 жасқа толған Жапаров 1968 жылдың 6 желтоқсанында Ыстық көлінің жағасындағы Кенг-Су ауылында дүниеге келген.

Жапаровтың отбасы 1930 жылдары Кеңес режимінен қашып, Шығыс Түркістаннан пана іздеген және 1960 жылдары оралған қырғыз отбасыларының бірі болған.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Жапаров әскери қызметін атқарды. 

Жапаров Қырғыз ұлттық дене шынықтыру және спорт академиясын, одан кейін Қырғыз-Ресей Славян университетінің заң факультетін бітірген.

Қырғызстан президенті өзінің саяси мансабын 2005 жылы болған "Қызғалдақ төңкерісінен" кейін бастады.

2005 жылы Жоғарғы Кеңестің мүшесі, 2007 жылы рақымшылық жасау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болды.

2007 жылы Қырғызстан Республикасының Парламентінің депутаты болып сайланғанымен, Жапаров сол кездегі президент Құрманбек Бакиевтің кеңесшісі қызметін жалғастырды.

2008 жылдан 2010 жылға дейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Ұлттық агенттіктің өкілетті өкілі болып жұмыс істеді.

2010 жылы елде өткен парламенттік сайлауда Садыр Жапаров депутат болып сайланды.

"Кұмтөр" алтын кенін ұлттандыруды жақтаған Жапаров, билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деп айыпталып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Түрмеден шыққаннан кейін, төрт жыл шетелде тұрған Жапаров 2017 жылы Қырғызстанға оралғаннан кейін, қайтадан бас бостандығынан айырылды.

Жапаров түрмеде болған кезде оның әкесі, анасы мен ұлы қайтыс болды.


Үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған Садыр Жапаров өткен жылдың қазан айында болған оқиғалар кезінде түрмеден шығарылды.

Алдымен премьер-министр болып тағайындалған Жапаров, биыл 10 қаңтар күні іске асырылған сайлауда 79,2% дауыс жинап елдің президенті ретінде сайланды.

Қырғызстанда "Халық адамы" атағымен танымал Садыр Жапаров мамыр айында Түркияның мемлекеттік ТРТ телеарнасына сұхбат берді.

Қырғыз көшбасшысының "Саясаттағы он жыл" атты кітабы түрік тіліне аударылып, өткен аптада Түркиядағы кітап дүкендерінің сөрелерінде өз орнын тапты.

Жаңалықтар