05 Eylül 2021 01:04
Ыстықкөл облысы-Қырғыз Республикасының шығыс бөлігінде орналасқан облыс. Облыс аумағындағы жота негізінен ендік бағытта созылып жатыр. Облыстың Григорьевка, Ананьево және Семеновка деп аталатын үстірттері елдің табиғи сұлулығының қатарын толықтырады.
Григорьевка үстірті
Чолпон-Ата қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан үстірт Григорьевка ауылының жанында орналасқан. Қарағаймен жабылған жасыл беткейлер, өзендер мен көркем жерлер келушілерді қызықтырады, ал Ыстықкөл көліне қарай ағып жатқан мөлдір өзен ерекше әдемі.
Ананьев үстірті
Ананьево үстірті теңіз деңгейінен 2355 метр биіктікте орналасқан.
Семеновка Үстірті
Семеновка үстірті Шолпан-Ата қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерде келушілерге дәмді жергілікті тағамдар ұсынылады.
Биіктігі 2000-нан 4000 метрге дейінгі таулармен қоршалған биік тауларда көптеген эндемикалық өсімдіктер, сонымен қатар тау ешкілері, бұғы мен бүркіттер кездеседі.