30

Ыстанбұлда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монета таныстырылды

Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның презентациясы өтті. Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркия Теңге сарайының директоры Абдуллаһ Ясир Шахин және зиялы қауым қатысты.

18 Eylül 2021 09:29

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы монетаның бауырлас Түркияның Тәуелсіздігіміздің 30-шы жылдығына арнайы сыйы болғанын айтты.

Бас консул Әлім Байел монетаның дизайнында еліміздің терең тарихы мен Түркі әлемінің қара шаңырағы бейнеленгенін мәлімдеді. 

Монета күмістен соғылған, сондай-ақ оның дизайны Теңге сарайымен бірлесіп әзірленген, деп хабарланды.

Ескерткіш монетаның бет жағында Қазақстанның туы мен түрікше «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы» жазуы орын алған. Сырт жағының ортасында Қазақстанның картасы бейнеленген. Картаның ішінде латын әріптерімен қазақша «Qazaqstan» деп жазылған. 31 грамм ауырлығындағы монетаның номиналы 30 түрік лирасы болып белгіленді, алайда Бас консулдың айтуынша мұндай монеталардың құны әлдеқайда жоғары болады.

Естелік монета Түркия Теңге сарайының ресми сайтында сатылымға шығуы және колллекционерлер тарапынан назарға бөлінетіні күтілуде.



 

Жаңалықтар