Ыстанбұлда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің медиа-форумы өтеді

Түркі Кеңесі медиа-форумы Түркияның Президенттік Байланыс басшылығының төрағалығымен ұйымдастырылады.

20 Ekim 2021 15:26

Медиа-форум 22-24 қазан аралығында Ыстанбұлда өткізіледі.

Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоған кіріспе сөзін бейне-конференция арқылы сөйлейді.

Сонымен қатар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татардың да форумға қатысуы күтілуде.
Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев және Түркияның президенттік байланыс басшылығының директоры Фахреттин Алтун форумда баяндама жасайтын болады.

350-ден астам қатысушы

Форумға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Өзбекстаннан келген БАҚ өкілдері, ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың жоғары лауазымды қызметкерлері, журналистика факультеттерінің студенттері қатысады. Сондай-ақ Мажарстан бақылаушы мәртебесінде форумда орын алады.

Түркітілдес елдердің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнаай отырыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ үш күндік бағдарлама барысында қонақтар үшін ТРТ World, ТРТ Avaz телеарналарының стенттері қызмет береді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі түркі әлеміндегі ынтымақтастықты дамыту жолында өте маңызды"

Фахреттин Алтун форумда сөйлеген сөзінде, 2019 жылы Түркі Кеңесі көшбасшыларының cаммитінде халықаралық медиа-форумның өткізілуі іс-қимыл жоспарына енгізілгеніне тоқталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының түркі әлеміндегі ынтымақтастықты дамытуда өте маңызды құрал болып табылатынын атап өткен Алтун, осы тұрғыда түркі әлемінің жастары арасында бірлікті қалыптастыратын зерттеулер жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Бакуде 2021 жылдың 11 сәуірінде өткен Түркі Кеңесіне мүше елдердің Ақпарат министрлерінің үшінші отырысында келесі форумды Түркияда өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

 

Жаңалықтар