03 Ağustos 2022 12:30
Жиналысқа Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Жүніс Әміре институты, Түркияның Маариф қоры, АСЕЛЬСАН, Ыстанбұл техникалық университеті сияқты мүдделі тараптар презентациялар ұсынды.
Түркияның Президенттік кадрлар басқармасы және Ыстанбұл техникалық университетімен серіктестікте өткен "кадрлық ресурстар бойынша халықаралық магистрлік бағдарлама" аясында студенттерге стипендия алуға мүмкіндік берілетіні жарияланды.
Кездесуге қатысушы елдер ынтымақтастықты жалғастыру және тәжірибе алмасу туралы келісті.