Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев Түркі кеңесінің медиа-форумында сөз сөйледі

Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан "Терең тарих, мықты болашақ" медиа-форумында сөз сөйледі.

23 Ekim 2021 00:18

Хаджиев Түркі кеңесі басқа халықаралық ұйымдардан мүлдем өзгеше екенін атап өтіп: "Халықаралық ұйымдардың құрылуы кейде саяси, экономикалық және басқа мүдделерге байланысты. Әрине, Түркі кеңесінің де ортақ мүдделері бар. Бірақ біздің бастапқы мақсатымыз бауырластығымыз, құндылықтарымыз, ортақ өткеніміз және тарихымызды есте сақтай отырып, достығымызды біріктіретін және бізді алға жылжытатын ұйым болу," - деді.

Хаджиевтің пікірінше Түркі кеңесі халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Әзірбайжанның түріктілдес елдермен барлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын қолдайтынын айта келе Хаджиев, Түркі кеңесімен іс серіктестігіне ниет білдірген басқа елдердің саны артып келе жатқанына назар аударды.

Қарабақтағы жеңіс: Түркияның БАҚ саласындағы қолдауы

Хаджиев Түркияның соғыс кезінде бауырлас Әзірбайжанға рухани, саяси, әскери және дипломатиялық қолдау көрсеткеніне тоқталып: "Режеп Тайип Ердоған ерекше қолдау білдірді, 44 күндік соғыста Түркиямен қатар Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер елімізге ізгі ниетін білдіріп, жәрдем көрсетті," - деп жалғастырды. Сонымен қатар Түркияның БАҚ өкілдері соғыстың шынайы бейнесін жеткізіп, адамдарды толық мәліметтермен қамтамасыз етті.


"БАҚ өкілдерінің мойнында үлкен жауапкершілік бар"

Хаджиев Түркі әлеміне қарсы халықаралық деңгейдегі науқандар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, олармен күресудің жалғыз жолы - шындықты медиа арқылы дұрыс жеткізу екенін ескертті. Бұд тұрғыда Әзірбайжан президентінің көмекшісі түркітілдес елдері БАҚ өкілдерінің бірлескен жұмыстарына назар аударды.

 

Жаңалықтар