19 Eylül 2021 15:29
Әзірет Сұлтан мешіті еліміздің елордасы - Нұр-Сұлтанда орналасқан.
2012 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған мешіттің жалпы сыйымдылығы 12 мың адамды құрайды. Жоба дизайнерлері-Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрметті сәулетші Сағындық Жанболатов және Қазақстан Сәулетшілер одағының және Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Есенғали Ахметов.
Әзірет Сұлтан мешітінің жалпы ауданы 17 мың шаршы метр, мұнаралардың биіктігі 77 метр, сондай-ақ мешіттің жалпы алғанда 52 метрді құрайтын 10 күмбезі бар.
Өзінің бірегей сәулетінің арқасында туынды Қазақстан астанасына келетін мыңдаған туристердің назарын өзіне аударады.
Түркіменстандағы Түркіменбашы мешітінен кейінгі Орталық Азиядағы екінші үлкен мешіт Әзірет Сұлтан мешітіне Қытай, Иран және Еуропаның әртүрлі елдерінен көптеген адамдар келеді.
Мешіттің әлемнің өзге мешіттерінен ерекшелігі – оның дизайнында қолданылған ою-өрнектердің 80 пайызы – ұлттық нақыш үлгілері. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың айтуынша, «Әзірет Сұлтан» мешітін жобалау конкурсына 54 компания қатысқан. Қазақстандық ірі компаниялармен қатар Англия, Малайзия, Жапония, т.б. көптеген мемлекеттер өз жобаларын ұсынды. Конкурсты жеңген қазақ сәулетшісі екі нұсқаны конкурсқа ұсынған. Оның басты мақсаты бұрын еш жерде кездеспеген, таза қазақы үлгідегі мешіт жобасын жасап шығу болды.