Өзбек халқының сүйікті ақыны: Зульфия

Зульфия - өзбек әдебиетінің көрнекті есімдердің бірі.

04 Aralık 2021 17:01

Аты аңызға айналған ақын Зульфия 1915 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол 21. ғасырдың өзбек поэзиясының жетекші ақындарының қатарын толықтырады.

Зульфия 17 жасында алғаш өлеңдер жинағын шығарады. Ақын өлеңдерінде махаббат пен сенім тақырыптарына бет бұрады. Соғыс кезінде Зульфия Отан, күш, батылдық тақырыптарына назар аудараып, халыққа үміт береді.

1935 жылы Зульфия өзбек халқының тағы бір көрнекті ақыны Хамид Алимжанға тұрмысқа шығады. Өкінішке орай, Хамид Алимжан 1944 жылы көлік апатынан көзін жұмады. Зульфия өлеңдерінің көбісін марқұм күйеуіне арнайды. Ақын өлеңдерімен, пьесаларымен, опера либреттоларымен әлемнің ақын жамағатында өз орынын алды. Оқырмандардың жүрегінен орын тапқан Зульфияның өлеңдері қазіргі уақытта да жоғары бағаланады.

Ақынның өлеңдері орыс, ағылшын, неміс, болгар, қытай, араб, парсы және басқа да көптеген тілдерге аударылған. 

Өзбекстанда ақынның құрметіне арналған "Зульфия" Мемлекеттік сыйлығы берілуде.

Зульфия 1999 жылы 81 жасында қайтыс болды.

Өзбекстанның көптеген мекемелері мен мұражайлары Зульфия мен Хамит Алимжанның құрметіне аталған. 

Жаңалықтар