04 Temmuz 2022 19:52
Түркі мемлекеттері ұйымының Ауыл шаруашылығы министрлерінің алғашқы ресми отырысы Өзбекстанның астанасы Ташкентте ұйымдастырылды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Әзірбайжанның Ауыл шаруашылығы министрі Инам Каримов, Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришджи, Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Джамшид Хожаев, Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Қаныбеков және Мажарстанның Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Осзкар Окреш және Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.