3000

Өзбекстанда тәуелсіздік күніне орай өзбек халқының 3000 жылдық тарихын бейнелейтін ескерткіш орнатылды

Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Тәуелсіздік монументі өзбек халқының 3000 жылдық тарихын бейнелейді.

02 Eylül 2021 15:50

Жаңа ескерткіш Өзбекстанның астанасындағы "Янги Узбекистон" ("Жаңа Өзбекстан") саябағында, Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша тұрғызылды.

Биіктігі 60 метрлік ескерткішті түрік дизайнері Синан Тураманның жобасы бойынша түрік компаниялар тарапынан орнатылған. 

Ескерткіштің алдыңғы жағында Тимуридтер империясының негізін қалаушы Әмір Темірдің мемлекетін бейнелейтін көк күмбез орналасқан.

Көк күмбездің астында Өзбекстанның 3000 жылдық тарихын баяндайтын бедерлі қабырға орналасқан.

Қабырғада ұлы тұлғалардың мүсіндері ойылған: белгілі дәрігер ғалым Ибн Сина, алгебра және алгоритм ғалымы әл-Хорезми, әйгілі астроном және математик әл-Бируни, Тимурид империясының негізін қалаушы Әмір Тимур, белгілі ақын және мемлекет қайраткері Әлішер Наваи, Тимурид империясының 4-ші сұлтаны, математик және астроном Ұлықбек.

Монумент Өзбекстанның тарихы, мәдениеті мен руханиятын бейнелейтін композиция ретінде жасалған. 

Ескерткіштің артқы қабырғаларында Тарихи Ұлы Жібек жолы ойылған, ал жоғарғы жағында аңызға айналған Хумай құсының бейнесі орналасқан (Иран және араб мифологиясында, сондай - ақ Орталық Азия халықтарының арабталған мифологиясында-бақытты бейнелейтін сиқырлы құс).

Жобаның дизайнері Синан Тураман ескерткішті салу жұмыстарына 500-ге жуық адам қатысқанын, бүкіл процесс 64 күнге созылғанын хабарлады.

"Біз түрік достарымен бірге жалпы ауданы 1 миллион шаршы метр болатын саябақтың жүрегі деп атауға болатын Тәуелсіздік монументін салғанымызды мақтан тұтамыз және қуаныштымыз", - деді Тураман мырза..

Жаңалықтар